18 ақпанда 1 А сыныбында қазақ тілінен «Домбыра» тақырыбына ашық сабақ өткізілді.

18 ақпанда 1 А сыныбында қазақ тілінен «Домбыра» тақырыбына ашық сабақ өткізілді.

18 ақпанда 1 А сыныбында қазақ тілінен «Домбыра» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты оқу жоспары сай алынған. Сабақ тілдік жаттығу«Мен-саған, сен- маған» әдісімен басталды. Оқушы мен мұғалімнің арасында диалог болды.

Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.

Сабақта оқушыларға білім дайын түрде ұсынылмады, оны мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше алу қажет болды. Ішінара іздену арқылы берілген суреттер, сұрақтар бойынша сабақтың тақырыбын анықтап, өздері білген ақпаратпен байланыстыра отырып, ұжыммен жұмыс (белсенділіктерін арттыру үшін), ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту үшін) жүргізілді.Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар берген тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Тілді тиімді меңгерту негізгі төрт дағдысы және қосымша бесінші дағды тілдік бағдар арқылы жүзеге асырылды. Сабақ қызықты өтті. Тапсырмалар балалардың жас ерекшелігіне сай алынған.

Дата: 24.02.2025, 14:41 Автор: №10 ЖББОМ