Ұмытпау үшін-білу және есте сақтау керек!

15 ақпан 1989 жыл. Бұл күн бізді ант берген жас жігіттердің Ауған соғысынан өткен жылдарға қайтарады. Жыл сайын «№10ЖББМ» КММ-де тарихтағы осы ұмытылмас күнге арналған іс-шаралары өтеді. «Ауғанстан – қаза тапқандардың атынан, тірілердің атынан!» іс-шаралар жоспары құрылды. Мектеп планетасы стендінде «Ұмытпау үшін – білу және есте сақтау керек!» айдары рәсімделді. Стендте жас ұрпаққа әскери қызметтің не екенін, әскер борышына адалдықты жақынырақ білуге көмектесетін ауған жауынгерлерінің өмірінен алынған тарихи фотосуреттер бар!
Дата: 12.02.2025, 11:27 Автор: №10 ЖББОМ