2023 жылғы 12 қазанда «Жер сілкінісі салдарынан өрт туындаған кезде тұрақты құрам мен балалардың іс-қимылдары» тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді

2023 жылғы 12 қазанда «Жер сілкінісі салдарынан өрт туындаған кезде тұрақты құрам мен балалардың іс-қимылдары» тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді

Балқаш қаласының әкімі бекіткен 2023 жылға арналған азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу жоспарына сәйкес және балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында Балқаш қаласының «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2023 жылғы 12 қазанда «Жер сілкінісі салдарынан өрт туындаған кезде тұрақты құрам мен балалардың іс-қимылдары» тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді».

Оқу - жаттығу мақсаты-мектептің жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындауға дайындығын тексеру, жер сілкінісі кезінде өрт туындаған жағдайда сауатты іс-қимылдар мен дұрыс жүріс-тұрыстың практикалық дағдыларын игеру.

Оқу-жаттығуға барлық педагогтар мен техникалық қызметкерлер, мектеп оқушылары қатысты. Мектеп қызметкерлерімен, оқушылармен нұсқаулық өткізілді, төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмі пысықталды.

Дата: 13.10.2023, 16:17 Автор: №10 ЖББОМ