Ауғанстан-ұмытуға құқық жоқ!
![Ауғанстан-ұмытуға құқық жоқ!](/media/img/journal/63eb1549a3f02.jpeg)
Ауғанстан-ұмытуғақұқық жоқ!
13.02.2022 жылы «№ 10 ЖББМ» КММ-де кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығаруға арналған«Біз білеміз және есімізде!» салтанатты жиын өткізілді. Жиынның басында ҚР Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. 7 «в» сынып оқушылары Е.Голубев пен Д.Черников өлең оқыды. АӘДП педагог-ұйымдастырушысы Л.Г.Кочетков мектеп қонақтарын таныстырды: аға лейтенант М.Абдирбаев, гвардия сержанты ВДВ, барлаушы М. Аязбаев, «Әке иығы» әкелер кеңесінің төрағасы А.С.Русских. Қонақтар өздерінің жауынгерлік жолдары туралы айтып, соғыстың қиын жолынан өткен жолдастарын еске алды. ТЖ жөніндегі мектеп директорының орынбасары Л.В.Кириченко Ауғанстанда қаза тапқан Балқаш жауынгерлері А.Антонов пен С.Нургалиев туралы айтып берді. Бір минут үнсіздікпен қаза тапқандардың барлығын еске алды. Алексей Сергеевич өз сөзінде оқушылардың назарын мектептен бастап Отанға деген адалдық пен сүйіспеншілікке, батылдыққа, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу керек екендігіне аударды.
Әкелер кеңесінің төрағасы мен АӘД педагог – ұйымдастырушысының басшылығымен жоғары сынып оқушылары Ауған жауынгерлерінің жауынгерлік өмірінен үзінді дайындап, көрсетті. Бірнеше минут ішінде жауынгерлік қимылдар қайта: тікұшақ қозғалтқышының дыбыстарымен, атыспен, рация туралы келіссөздермен көрсетілді. Соңы қайғылы болды-сарбаз қаза тапты. Бұл бөлім бірнеше минутты алды, бірақ ол жас ұрпақтың жүрегінде қандай эмоционалды серпіліс қалдырды!
Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні-
мереке емес қызыл күн,
Ауғанстаннан әскерлер шығарылған күні,
Балалар, барлығы үшін бізді кешіріңдер...