2022 жылғы 6 желтоқсанда Балқаш қаласының «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де қалалық білім бөлімінің жоспары бойынша «Террористік акт, өрт, газ шабуылы кезінде білім беру ұйымы басшылары мен қызметкерлерінің іс-қимылдары»
2022 жылғы 6 желтоқсанда Балқаш қаласының «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де қалалық білім бөлімінің жоспары бойынша «Террористік акт, өрт, газ шабуылы кезінде білім беру ұйымы басшылары мен қызметкерлерінің іс-қимылдары»тақырыбы бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды және өткізілді. Семинарды №7 мектеп-гимназиясының балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушысы А.А.Орлова өткізді. Семинарға мектеп әкімшілігі, педагогтар мен техникалық қызметкерлер қатысты. Кездесу барысында террористік қауіп туындаған жағдайдағы іс-қимылдар туралы бейнеролик көрсетілді, өрт және газ шабуылы кезіндегі персоналдың іс-әрекеттері, ТЖ кезінде алғашқы көмек көрсету туралы нұсқама жүргізілді. Мектептің жоспары бойынша оқу жаттығулары барысында ТЖ кезіндегі іс-қимыл алгоритмі пысықталады, өйткені біздің балаларымыздың, мектептің барлық қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығы әркімнің дұрыс іс-әрекетіне байланысты.

