2022 жылдың 5 қазан күні Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №10 жалпы білім беретін мектеп базасында информатика пән мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өтті.
2022 жылдың 5 қазан күні Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №10 жалпы білім беретін мектеп базасында информатика пән мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға барлығы 18 мұғалім қатысты.
Байқаудың мақсаты мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, оларды қолдау, ынталандыру және үздік педагогтарды анықтау, облыстық кезеңге жолдау.Ұйымдастырушылар директордың ақпараттық іс жөніндегі орынбасарлары:Ахмеджанова Г.А , Смакова А.Б
Бұл байқауда 1 орынды №15 мектеп – лицейінің информатика пәні мұғалімі Амантай Ерсұлтан Беркінұлы, 2 орынды №1 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Клементьева Олеся Сергеевна, 3 орынды №7 мектеп – гимназиясының информатика пәні мұғалімі Нупбаев Марат Тайтолеуович иеленді. Осы жүлделі орын алған мұғалімдерге 1,2,3 дәрежелі дипломдар ,облысқа жолдама берілді.Конкурска қатысқан мұғалімдерге сертификат берілді. Құттықтаймыз!!!
https://www.youtube.com/watch?v=urCYaL0cZwE
