2022 жылғы 15 Тамызда Балқаш қаласының "№10 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Балақай мектебінде оқу сабақтары басталды.
2022 жылғы 15 Тамызда Балқаш қаласының "№10 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Балақай мектебінде оқу сабақтары басталды. Бұл болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстары.
Курс аяқталғаннан кейін болашақ бірінші сынып оқушылары мектепте оқу үшін қажетті базалық дағдыларды меңгереді; қоршаған пән әлемі, табиғи және әлеуметтік орта туралы білімдерін кеңейтеді; мектепте оқуға ауыртпалықсыз қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
1. Сөйлеу әрекетін және қолдар мен саусақтардың ұсақ бұлшықеттерін дамыту;
2. Математикалық қызмет негіздерін дамыту;
3. Танымдық процестерді (ойлау, зейін, есте сақтау) және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Балақай мектебіндегі сабақтар 2022 жылдың 26 тамызына дейін жалғасады.