2022 жылғы 30 наурызда жетекші мектептің "Сабақты зерттеу - білім алушылардың білім сапасын арттыру және педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту құралы ретінде"атты қалалық семинары өтті

2022 жылғы 30 наурызда жетекші мектептің
2022 жылғы 30 наурызда жетекші мектептің "Сабақты зерттеу - білім алушылардың білім сапасын арттыру және педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту құралы ретінде"атты қалалық семинары өтті
Семинарға қаланың магниттік мектептері қатысты, онда сөз сөйлеушілер Сабақты зерттеу бойынша фокус-топтардың жұмысы туралы айтты. Семинарға төрт магниттік мектеп қатысты. Әр мектеп зерттеу жұмыстарының нәтижесін, Сабақты зерттеу барысында мұғалімдердің қандай қиындықтары мен жағымды жақтарын көрсетті. Аталған семинарда бастауыш сынып мұғалімі Жұмажанова Айгүл Бөлтірікқызы да сөз сөйлеп, 4 сынып мұғалімдерінің тәжірибесімен бөлісті. Сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін қолдану әдебиеттік оқу сабақтарында 4 сынып оқушыларының оқу сауаттылығы дағдыларының қалыптасуына қалай әсер етеді? А. Б. Жумажанова 4-сынып мұғалімдері қандай зерттеу жұмыстарын жүргізгені туралы айтып берді.
Ұсынылған жұмыстарды талдай келе, семинарға қатысушылар зерттеу топтарының бірлескен жұмысының қаншалықты тиімді екенін атап өтті. Lesson study технологиясы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту үшін үлкен әлеуетке ие, ол мұғалімдерді педагогикалық ұжымдағы кәсіби ынтымақтастыққа шақырады, оларды оқытудың тиімді әдістемелері мен технологияларын практикада қолдану мүмкіндіктерін бірлесіп зерттеуге бағыттайды.
 
 
 
 
 
Дата: 31.03.2022, 8:29 Автор: №10 ЖББОМ