ВИЧ / СПИД- не білу керек немесе аздап қажет теория.

8 ақпан күні Балқаш қаласының "№10 ЖББМ" КММ 7 сынып оқушыларымен онлайн форматта дәріс өткізілді. Дәріскер Балқаш қаласының ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Батырбекова Айгүл Абдолдақызы оқушыларға ғасыр ауруы – АИТВ / ЖИТС, жұқтыру жолдары және жеке қауіпсіздікті сақтау ережелері туралы айтып берді. Сондай-ақ, дәрігер КОВИДТІҢ алдын-алу және онымен күресу шараларына тоқталды. Дәріс соңында оқушылар сұрақтар қойып, дәрігердің толық жауаптарын алды.
Дәріс оқушылар үшін қызықты және пайдалы болды!
Дата: 8.02.2022, 15:15 Автор: №10 ЖББОМ