Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес бүгін, 2021 жылдың 7 желтоқсанында Тарихи сауаттылықтың екінші күні өтті.

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес бүгін, 2021 жылдың 7 желтоқсанында Тарихи сауаттылықтың екінші күні өтті. 5-7 сынып оқушылары арасында "өткенсіз болашақ жоқ"электронды презентациялар байқауы өтті. Бұл байқау оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз Отанының тарихын оқуға деген ынтасын арттыруға ықпал етті.Қазақстанның киелі жерлері, тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау, қалпына келтіру, насихаттау мақсатында мектепте Қазақстанның жұмбақ жерлеріне "Ұлы Дала" виртуалды экскурсиясы өткізілді. 8-9 сынып оқушылары Қазақстанның Ұлттық музейінде виртуалды экскурсияда болды. Экскурсия жасай отырып, оқушылар әр станцияда тоқтап, оларды біздің Отанымыз туралы тапсырмалар, ақпарат немесе танымдық фильмдер күтіп тұрды. Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына орай 10-11 сынып оқушылары "Исторический вестник"электронды газет байқауын өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту, сондай-ақ ойлау өрісін кеңейту, зейінділікті, эстетикалық талғамды дамыту, талаптарды шешуге шығармашылық тәсілді қолдану. Аталған іс-шаралар біздің мектептің әрбір оқушысы үшін танымдық, пайдалы болды.