Размер шрифта:

Болашақ бізге байланысты

Болашақ бізге байланысты

    2019-2020 оқу жылында "Балқаш қаласының №10 ЖББОМ" КММ 11 сыныпты 31 түлек бітірді.

    Жұмысқа орналастыру қорытындылары: Қазақстанның жоғары оқу орындарына 11 түлек түсті, олардың 6-ы білім беру гранттарын алды, олардың ішінде Н. Огай мен А.Чекушин облыс әкімінің грантын алды. 3 түлек Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында білім алады (1 грант).

    Қазақстанның орта арнаулы оқу орындарына 11 түлек түсіп, олардың 3-еуі грант алды. 6 түлек отбасы жағдайына байланысты сауда, техникалық қызмет көрсету салаларына жұмысқа орналасты. 31 түлектің жұмысқа орналасқандығы туралы растау-анықтамасы бар.

    Негізгі мектептің 60 түлегі мектеп бітірді. 18 адам оқуын №10 ЖББОМ-нің 10-сыныбында жалғастыруда, бір оқушы Алматы қаласы мектебінің 10-сыныбында. Бір түлек Қазақстаннан тыс Ресейге кетті. Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университеті жанындағы колледжде оқиды.

   Колледждерге 40 түлек оқуға түсті, оның 14-і грантқа, 26-ы ақылы (облыстан тыс жерлерге 5-і оқуға кетті). Барлық 9-сынып түлектері жұмысқа орналасқандығы туралы растамаға ие. Жұмысқа орналаспаған түлектер жоқ.

   Медициналық мамандықтарға түскендер:

   11 сыныптың 4 түлегі, 9 сыныптың 5-і.

   Педагогикалық мамандықтарға: математика мұғалімі-11 сыныптың бір түлегі , ағылшын тілі мұғалімі – 9 сыныптың бір түлегі.

Дата: 30.09.2020, 12:54 Автор: №10 ЖББОМ