Наурыз әлемді шарлайды
ЖББ №10 мектеп ұжымы Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларға белсене қатысты. 19.03 күні барлық сыныптарда «Армысың әз Наурыз!» атты сынып сағаттары өтті.
Мектеп кітапханасында «Қош келдің әз - Наурыз» атты көрме ұйымдастырылды.

5,6 сынып оқушылары «Наурыз – достық мерекесі»фестиваліне қатысты. «Согласие» және«Возрождение»этномәдени орталықтардың өкілдеріфестиваль қонақтары болды, олар жиналғандарды мерекемен құттықтап,әндерді орыс және неміс тілдерінде орындады.


Сынып ұжымдары Қазақстанда тұратын халықтардың билерін, дәстүрлерін, ойындарын әзірледі.

Мектеп іші мерекеге қарсы әдеміленді: фойені түрлі- түсті ленталармен көмкерілген шаңырақ көркейтті, бағандар Наурыз символы-қызғалдақтармен безендірілді.
Сәндік-қолданбалы өнер бойынша екі көрме де болды. СҚӨ үйірмесінің жұмыстары көрсетілді, (жетекшісі: 7 сынып оқушысы Петрунин- Сухарев Александр және оның анасы Марина Валентиновна), және бастауыш сынып мұғалімдері мен технология мұғалімдері Е.А.Кубыкинаның, Т.В.Якушенконың жетекшілігімен жасалған оқушылардың жұмыстары да назарға ұсынылды.
21.03 күні Ленин көшесінде орнатылған сахнада,қалалық мектептердің шығармашылық ұжымдарының мүшелері концерттік бағдарламамен өнер көрсетті. «Денс класс» би тобы жиналған көрермендерге 80-ші жылдардағы әндер әуенімен би билеп берді.

22 наурыз күні мерекенің негізгі бөлігі - «Көш керуен» мерекелік шеруінде, мектептің мұғалімдері, 8-10 сынып оқушылары ( жалау ұстаушы), ұлттық киім киген қыздар мен жігіттер қатысты .


«Алпамыс», «Күншуақ», «Балдырған» балабақшаларының ұжымымен бірге «Наурызға көрік берген сұлу сән» ұлттық киім сайысына қатысты.Мектеп қызметкерлерінің салтанатты жиналысы өтті.
ЖББ №10 мектеп ұжымы Наурыз мейрамын жақсы қарсы алды!