Размер шрифта:

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

1 ақпан күні ЖББ №10 орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында  қалалық мектептердің оқушылары қатысқан «Тарих мұрасы» атты әлеуметтік бейнетаспалар фестивалі өтті. Фестивальда мектеп мұражайларының қызметі туралы бейнетаспалар көрсетілді.  Фестивальді «Денс класс» би тобы - №10 ЖББОМ - «Қазақстан» музыкалық - би композициясымен ашты.  9-сынып оқушылары Курбанова Регина мен Чекушин Алексейдің жетекшілігімен барлық қонақтарды 3-тілде қарсы алып, туған жер туралы өлеңдерін оқыды.  Әр мектеп үгіт-насихат бригада ретінде тарихқа экскурсия, мұражайдың виртуалды экскурсиясы түрінде бейнетаспалар көрсетті.  Фестивальге белсенді қатысқаны үшін барлық жергілікті жас тарихшылар дипломдармен марапатталды.

  

        

Дата: 3.02.2018, 8:50 Автор: №10 ЖББОМ