«Терроризм және діни экстремизм - бүкіл әлемге қауіп төндіреді!»
2018 жылдың 30 қаңтарында "Конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы " КММ қызметкерлері 9,10 -сынып оқушылары мен кездесуі өткізді. Орталық психологы Ж. Жаңабергенова «Деструктивті секталардың ықпалына қалай түспеу керек» деген әңгімелесу өткізді, оқушылар белсене қатысқан ойын ұйымдастырды. Ойын аяқталған соң, барлығы «Терроризм және діни экстремизм- бүкіл әлемге қауіп төндіреді!» бейнефильмін көрді. Кездесуге теолог Д.Башаров қатысты.

Дата: 1.02.2018, 9:00 Автор: №10 ЖББОМ