Жаныңа жайлы іс

Жаныңа жайлы іс

Жаныңа жайлы іс

Әр сенбі сайын мектепте үйірмелер мен факультативтер сабақтары өтеді.Шахмат әуесқойлары «Белая ладья» үйірмесіне қатысады (жетекшісі Шалов М.Т.). «Робототехника» үйірмесінде 8,9 сынып оқушылары, үлкен қызығушылықпен робототехника негіздерін оқып үйренеді (жетекшісі Виноградов О.А.). Оқушылардың басқа тобы (5-10-сыныптар) «Старт», «Ловкие и быстрые» атты спорт секцияларының жұмысына қатысады (жетекшісі Гаврилюк Е.А., Пестов Ю.В.).«Юный летописец» үйірмесінің мүшелері, мектептің мерейтойы қарсаңына, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істей отырып, іздеу материалдарын дайындайды. Сонымен қатар, балалар «Юный летописец» атты қалалық байқауға дайындық жұмыстарын жүргізуге тапсырма алды. (жетекшісі Кириченко Л.В.).   Г.В. Кубыкинаның жетекшілігімен 6,7-сыныптың қыздары мен ұлдары ЖЖИ(жас жол инспекторлары) бөлімдерінің қалалық жиналысына дайындалуда. Олар «Каскад» ЖЖИ үйірмесінде жол жүру ережелерін біліп,үйренеді. 9,10-сынып оқушылары сенбі күндері «Светскость и основы религиоведения»( діни зерттеулер зайырлылығы мен негіздері) (жетекшісі Бейсенбаева Б.С), «Строевая подготовка» (жетекшісі Кочетков Л.Г), математика(жетекшісі Белоусова И.В) мен физика(жетекшісі Асаинова С.А) пәндерінен факультативтерге қатысады.

Дата: 23.10.2017, 2:16 Автор: №10 ЖББОМ