2017 – 2018 оқу жылына арналған ЖББ №10 орта мектепте Денсаулық күнін өткізу туралы ақпарат
2017 – 2018 оқу жылына арналған
ЖББ №10 орта мектепте Денсаулық күнін өткізу туралы ақпарат
2017 жылдың 9- қыркүйек күні №10 орта мектебінде Денсаулық күні өткізілді, оған 1 - 11 сыныптардан 647 оқушы және 52 мұғалім қатысты. Сағат 10.00-де мектеп ауласында 1 ауысымның мұғалімдері мен оқушылары жиналды. Салауатты өмір салтын насихаттайтын "Біз, балалар, жарадық!" деген белсенді жаттығудан кейін,"Денс – класс" би тобы флеш – моб өткізді. Оқушылар үлкен қызығушылықпен көңілді музыкаға қозғалыс қимылдарын орындады.
Оқушылармен бірге флеш мобқа мектеп әкімшілігі мен мектеп мұғалімдері қатысты.
Күздің шуақты күнінен жақсы әсер алғаннан кейін, мектеп оқушылары сынып жетекшілерімен бірге, негізгі іс-шаралар өтетін орындары бойынша тарады. Футбол алаңында 9-сынып оқушылары "Лапта" ойынын ойнады (жауапты. Л. Г. Кочетков). Бұл ойында олар жылдамдық пен мергендікті және де командада жұмыс істей білуін көрсетулері қажет болатын.
Бұл уақытта, 10,11 сыныптың қыздары мен жігіттері қатысқан, мектептің спорт залында, волейболдан жарыс өтті.(жауапты Ю. В. Пестов).11-сынып оқушыларыжеңімпазатанды.
Мектеп стадионында1-2 сыныпмұғалімдері көңілді старттар өткізді. Балалар өздерінің бірлігімен ұйымшылдығын көрсетті.
7,8 сынып оқушылары, топ жетекшілері мен дене шынықтыру мұғалімдерімен Гаврилюк Е. А. Удовиченко И. А., жағалауда спорттық эстафеталар өткізді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дмитриева Е. Ю және 4 "а" мен 3 сынып мұғалімдері, Балқаш ардагерлеріне арналған Стелла жанында көңілді спорттық ойындар ұймдастырып өткізді. Үлкендер мен балалар көп жағымды әсер алды.
4-сынып оқушылары мектептің спорт залында өткен көңілді эстафеталарға қатысты. №10 ЖББ мектебінде денсаулық күні барлық оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Балалар жаңа оқу жылына сергектік қуат алды!
№10 ЖББ директоры Горбулева Л.Ю.