Размер шрифта:

ЖББ №10 орта мектепте Конституция күні мен Білім күніне арналған мерекесін өткізу туралы ақпарат 2017 -2018 оқу жылы

ЖББ №10 орта мектепте Конституция күні мен Білім күніне арналған мерекесін өткізу туралы ақпарат 2017 -2018 оқу жылы

ЖББ №10 орта мектепте Конституция күні мен Білім күніне арналған мерекесін өткізу туралы ақпарат

2017 -2018 оқу жылы

 2 қыркүйек күні мектеп алаңында  Конституция күніне және Білім күніне арналған мереке өтті. Мектеп ауласы сары - көгілдір жалаушалармен, шарлармен, ленталармен безендірілді. Мереке басталғанға дейін Отан туралы, мектеп туралы әндер шырқалды (мемлекеттік және орыс тілдерінде). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері орнатылды. Сағат 10.00-де фанфарлар ойнатылды. Мереке ашылу салтанатынан басталды. Мерекенің жүргізушілері 9 "б" сынып оқушысы Т. Рыжкова және 5- сынып оқушысы Кузгибеков Т. Қазақстан туралы, бақытты балалық шақ туралы өлеңдер оқып берді. "Денс - класс" би тобы  "Балалық шақ – бұл түрлі-түсті бояулар" атты хореографиялық композиция орындады.Аспанға бейбітшілік нышаны- көгершіннің суреті бар түрлі-түсті шарлар ұшырылды.

Жүргізушілер 3 тілде сәлемдесті және  бүкіл мереке бойы бірнеше рет 3 тілде сөздер айтылды.. Мерекеге құрметті қонақтар қатысты: қалалық мәслихат депутаты Л.В. Григоренко, педагогикалық білімінің ардагері В.С. Красовская. Мерекелік линейкаға ең кіші оқушылар – бірінші сынып оқушылары шақырылды. Бірінші сынып оқушылары салтанатты шерумен өтті. Мектеп туын ұстаушы топ шеруді басқарды. Бүлдіршіндерді дәстүр бойынша мектеп түлектері жүргізді. Биыл 25 жыл толған  Қазақстан Республикасының рәміздері туралы сөздер айтылды. Қазақстан Республикасының Әнұраны бірыңғай орындауда шырқалды.

Мерекеге келген қонақтарды мектеп директоры Л.Ю. Горбулева таныстырып, құттықтау сөз сөйледі.

 Калалық мәслихат депутаты Л.В. Григоренко ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды оқу жылының басталуымен құттықтады. Любовь Владимировна өз сөзінде мемлекетіміздің маңызды күндеріне, білім беру саласындағы жоспарланған ең маңызды қадамдарды іске асыруға ерекше назар аударды.

                                

"Денс - класс" би ұжымының «Welkome to Kazakhstan» хореографиялық композициясы ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесіне арналды.                                    

Мектеп мерейтойына "Сәлем, мектеп!Мерейтойыңмен!" бөлімі арналды. "Бірінші сынып оқушысы" әнінің әуеніне балақайлар шығып,мектеп туралы өлеңдер оқыды. Олар жақсы оқуға уәде берді.

                                 

 Микрофон алдындағы бірінші сынып оқушыларын мектеп түлектері ауыстырды. Олар жас буынға аманаттарын айтты. Мектеп түлегі бірінші сынып оқушысына мектеп елтаңбасын табыстырды.

    

Мерекеге  ата-аналар атынан «Ана жүрегі» атты аналар Мектебінің орынбасары Г.В. Тила шықты. Қаланың мерейтойына «Біз – күн перзентіміз!» музыкалық – хореографиялық композициясы арналды.

   2017 – 2018 оқу жылының алғашқы қоңырауын соғуға Абеуов Д. 1-сынып оқушысына және Смык Д. 11 сынып оқушысына берілді.                  

       Мектепке алғашқы болып 11 сынып түлектерінің сүйемелдеуімен бірінші сынып оқушылары кірді. Құрметті қонақтар мектептің барлық сыныптарында өткен "Мен – өз отанымның патриотымын!" атты ашық қарым-қатынас сағатына қатысты. Сынып жетекшісі Желобецкая О. А., 9 «Б» сыныбында, құрметті қонақ, білім ардагері В.С. Красовскаяның қатысуымен, «Мен – өз отанымның патриотымын!»  атты ашық қарым-қатынас сағаты өтті. Ашық сағатты өткізу кезінде қазіргі оқыту құралдары қолданылды.

          

Өз сөзінде Красовская В. С. оқушыларға қаланың жылнама беттері туралы айтты. Оқушылар «Азаматтық ұстаным қажет пе?» атты пікірталас өткізді. Осы және басқа да сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар азаматтық қоғамдастықтар құрды. Сағат соңында «Облако тегов» инновациялық қабылдау көмегімен рефлексия жүргізілді.

«Мен – өз отанымның патриотымын!»  атты ашық қарым-қатынас сағатында «Болашаққа бағдар», «Взгляд в будущее» бейнефильмі көрсетілді.

Ашыққарым-қатынас сағаты "Мен – өз елімнің патриотымын", 6 "б" сыныбында, сынып жетекшісі Шегирова Г. А..

 Бірінші сынып оқушылары үшін, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен,"Бірінші сыныпқа Бірінші рет!" атты ертеңгілік өтті.

                  ЖББ №10 Директоры               Горбулева Л.Ю.


 

Дата: 19.10.2017, 6:38 Автор: №10 ЖББОМ