«Қардан қысқы құрлыс»
![«Қардан қысқы құрлыс»](/media/img/journal/54d86ebcc4a7f.jpg)
КМҚМ МДМ «Алпамыс» балабақшасында 2015 жылдың 3-ші ақпанында тәрбиешілер арасында «Қардан қысқы құрлыс» атты ойын алаңын ең жақсы безендіру конкурсы өтті.
Сайыс мақсаты:педагогтың тұлғалық сапасының тиімді дамуына, оның шығармашылық қабілетінін, тәрбиеленушінің ата-анасымен қарым-қатынасын нығайту, ойын алаңында баланың қызықты ойын ортасын құру.
Қардан жасалған құрлыс сайысының қорытындысы шығарылды және ата-аналармен,балаларман жасаған ең жақсы жұмыстар бағаланды. Үлкен қиялмен жасаған №9 «Гүлдер» тобы 1-ші орынға ие болды. Қардан жасалған әр түрлі құрлыстар көрсеткен №11 «Жұлдыз» тобы 2-ші орынға ие болды.3-ші орынға ие болған №7 «Еркем-ай» жеңімпаздар тобын аяқтады.
Қыс – ғажайып жыл мезгілі. Ойын алаңына әр түрлі қардан құрлыстар жасауға, жасаған жұмыстарын қызықтауға болады.Көңіл- күйдің көтеріңкі болуына баланың күлкісінен артық ештеңе жоқ.Биылғы жылы біз құрлысты балалармен бірге жасадық. Балабақша төңірегіндегі қайталанбас безендіру көпке дейін балалар мен үкендерді қуанышқа бөлейтіні сөзсіз.