«Қардан қысқы құрлыс»

«Қардан қысқы құрлыс»

     КМҚМ МДМ «Алпамыс» балабақшасында   2015 жылдың  3-ші  ақпанында   тәрбиешілер арасында «Қардан қысқы құрлыс» атты  ойын алаңын ең жақсы  безендіру конкурсы өтті.

    Сайыс мақсаты:педагогтың тұлғалық  сапасының тиімді дамуына, оның шығармашылық қабілетінін,  тәрбиеленушінің ата-анасымен қарым-қатынасын нығайту, ойын алаңында баланың   қызықты ойын ортасын  құру.

     Қардан жасалған құрлыс сайысының  қорытындысы шығарылды және ата-аналармен,балаларман жасаған ең жақсы жұмыстар бағаланды.   Үлкен қиялмен жасаған №9  «Гүлдер» тобы 1-ші орынға ие болды. Қардан жасалған әр түрлі құрлыстар көрсеткен №11 «Жұлдыз» тобы 2-ші орынға ие болды.3-ші орынға ие болған №7 «Еркем-ай» жеңімпаздар тобын аяқтады.

   Қыс – ғажайып жыл мезгілі. Ойын алаңына әр түрлі қардан құрлыстар жасауға, жасаған жұмыстарын қызықтауға болады.Көңіл- күйдің көтеріңкі болуына  баланың күлкісінен артық ештеңе жоқ.Биылғы жылы біз құрлысты балалармен бірге жасадық. Балабақша төңірегіндегі қайталанбас безендіру көпке дейін балалар мен үкендерді қуанышқа бөлейтіні сөзсіз. 

Дата: 9.02.2015, 8:30 Автор: Школы и сады г. Балхаш