Аспанға ұшақ жіберу білігі

Аспанға ұшақ жіберу білігі

          Кішкене ұшақтарды жіберу де ғылым.Балалардың бұл ермегінің өз құпиялары бар: дұрыс тұра білу керек, модельді бағыттап, қажетті күшпен итеру керек.  Сонда планер көздеген нысанаға қарай ұшады. Аспанға ұшақты жібере отырып, өзіңнің еңбегіңнің нәтижесін ғана емес, келешекте нағыз ұшақтың штурвалына отырып, бұлттармен теңесіп ұшатыныңды көз алдыңа елестетесің.

         «Авиамодельдеу» үйірмесінің балалары ұшақты құрастырып қана қоймай, конкурстарға да қатысады. Біздің командамыз 2014 жылғы 15 маусымда Қарағанды қаласында өткен Қарағанды облысының авиамодельдеу спорты бойынша біріншілігіне қатысты. Біріншілік 2 кезеңде өтті: 1 кезеңде моторлы модельдер жіберсе, 2 кезеңде радиобақылау мен кордолық. Ең қызықтысы, жарысқа ұсынылған модельдердің барлығы қатысушылардың өз қолдарымен жасалған. 6 команда арасынан біздің топ 4 орынды иеленді. Жекелей сайыста жүлдеді орын алғандар: Павлов Виктор,  Дамир Айғали  заняли   II орын, Амир Ағыбаев,  Илья Один -  III орын.

          Барлық топ мүшелері мен жетекшісі Саят Касымханович Ахатовты жеңісімен құттықтаймыз!

Дата: 24.06.2014, 6:23 Автор: Школы и сады г. Балхаш