«Астана – бас қала» ән фистивалі
Астана жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз атын алтын белгімен жазып үлгерді. Көп ұзамай Астана еліміздің экономикалық, саяси, мәдени өмірдің қайнаған ортасына айналды.
“Оқушылар сарайының ” ұйымдастыруымен “Балауса” жазғы демалыс орталығы Астана күніне байланысты фестиваль ұйымдастырды.
Мақсаты: Талантты оқушыларды іріктеу. Дарынды оқушылардың өнерін шыңдау. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
17.06.2014 жылы “Астана-бас қала” атты ән фестивалі өтті.
Әділқазылардың шешімімен “Ару Балқаш ”әнін нақышына келтіре орындаған №15 орта мектептің оқушысы Әлібаева Мадина бас жүлдені женіп алды.
1 орынды №8 орта мектеп оқушысы Тұяқов Қуан «Елге салем» әнімен 2 орынды №25 мектеп оқушысы Ғинаятова Аружан иеленді. Ал №17 орта-мектеп оқушысы Фарутдинова Венера “Мы из нового покаления” әнімен 3 орынды иеленді.
Кешіміз өте әсерлі,көрермендер ықыласпен қол соқты.