Күміс медальмен оралды

Күміс медальмен оралды

Шахмат ойыны- баланың ойын түрінде  интеллектісінің үйлесімді дамуындағы ең күшті құралдың бірі. Шахмат ойынының негізі- математикалық ойлау мен сараптау, бұнда кездейсоқтық жоқ, бала жүру барысын дұрыс жасауы керек.  Оқушылар сарайының «Ақ қайық» шахмат клубының балалары  «Балқаш қаласы шахмат федерациясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сұлтанғазы Әлімжановтың жетекшілігімен классикалық шахмат бойынша Қарағанды қаласына өтетін чемпионатқа аса жауапкершілікпен қарады. 29 мамыр мен 08 маусым арасында Балалар мен жасөспірімдердің сарайында өткен жарысқа барлық жастағы Теміртау, Қарағанды, Саран, Балқаш қалаларының үздік шахматшылары қатысты.

             Чемпионат қорытындысы бойынша 16 жастағы топ арасында №8 ОМ оқушысы  Жагуфарова Ботакоз  2 орынды жеңіп алып, күміс медаль иегері атанды. 12 жастағы топ арасында №7 мектеп гимназиясы  оқушысы  Сагинтаева  Аружан   2 орынды жеңіп алып, күміс медаль иегері атанды.   

Қалған қатысушылар №9 ОМ оқушысы Алкеш  Адил, №16 ОМ оқушылары   Жазыбек  Ерсайын,  Жазыбек Едиге,Тулебеков  Данияр  өз жастары бойынша категорияда үзід бестіктің қатарына енді.

Дата: 24.06.2014, 6:08 Автор: Школы и сады г. Балхаш