«Тәуелсіздік белесі» интеллектуалды ойыны

«Тәуелсіздік белесі» интеллектуалды ойыны

12 желтоқсан күні жалпы білім беретін № 17 орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған қалалық 7 -8 сынып оқушылары арасында  қалалық «Тәуелсіздік белесі»  Брейнг – ринг өтті. №1,10,17 мектеп командалары қатысты.  Сайыс қатысушылары: Қазақстан –тәуелсіз мемлекет; Қазақстан Республикасының рәміздері; Астана –Қазақстанның жаңа астанасы мәтінінде білімдерін көрсетті.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан бастап, 1991 жылдан 2013 жылға дейінгі Тәуелсіз Қазақстанның аяққа тұруын, негізгі жағдайын үш тілде мақтаныш сезіммен жоғарғы сынып оқушылары арасынан үгіт бригадасы айтып берді. Концерттік нөмір мерекелік іс-шаралармен аяқталды. Конкурс 5 сатыдан тұрады:

1.Командалардың сәлемдесуі;

2. «Білімділер сайысы;

3. «Зерттелмегенді іздеу»;

4. «Тарихи тұлғаны таны»;

5. «Менің тәуелсіз Қазақстаным».

Нәтижені қорытындылай отырып, тәуелсіз қазылар алқасы № 17 жалпы орта білім беретін мектебінің командалары өте жақсы дайындалып, ұйымдастырылған деп таныды. Осы іс-шаралар оқушылардың құқықтық сана мен жеке ішкі сезімін қалыптастыруға, саяси белсенділігін арттыруға бағытталды.  

Дата: 23.12.2013, 10:00 Автор: Школы и сады г. Балхаш