Размер шрифта:

«Біздің Елбасы» әуенді – әдеби композициясы

«Біздің Елбасы» әуенді – әдеби композициясы

«Күншуақ» балабақшасында Қазақстан Республикамыздың  Елбасы күніне арналған мереке аталып өтті.Бұл мереке екі тілде өткізілді. Жүргізушілер мерекенің ашылуын тақпақпен бастады:

Төбемнен төңкергендей қара түнді,

Түлетті Тәуелсіздік қанатымды.

Елбасы арқасында ел жаңарып,

Арқаға Астанадай қала тұрды

Ежелде елтұтқалар ел орнатқан,

Ұласқан ұрпағына олар мақтан.

Елбасы – қасиетті аталы сөз,

Мазмұны, мағынасы терең жатқан.

 

Балалар біз Елбасымыздың жастық шағынан бастап, жанұясы жайлы, сайлануына дейін көркем бейне суреттен таныстық. Қазір Елбасымыздың ең негізгі мақсаты халқымызды өркен ниетті, көрікті, бейбітшілікте өмір сүруді барлық елдерге насихаттауы.

Жүргізушілердің келесі бағдарламасы бойынша бас қаламыз, еліміздің жүрегі Астана туралы слайдтар көрсетілді. Балалар сүйікті Отаны туралы тақпақтар оқыды.

Елбасымыз әр қашан дені сау болып, халқына жан ашыр болып, мәртебесі көтеріле беруіне тілектермен тәмәмдады.

Міне, осындай шұғылалы елімнің,

Бірнеше ел сыйып кетер ұлан-байтақ жерімнің,

Толар шағы қазірден-ақ бар әлемге паш бүгін,

Болашағы берік қолда Нұрсұлтандай ерімнің!

Дата: 3.12.2013, 10:29 Автор: Школы и сады г. Балхаш