05 шілде 2012 жылы барлық білім беру мекемелерінде Астана күні мерекесіне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды
05 шілде 2012 жылы барлық білім беру мекемелерінде Астана күні мерекесіне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Мереке күні республикалық балалар-жасөспірімдердің «Жас ұлан» ұйымына қабылдау дәстүрге айналған. Аталған ұйым қатарына қабылдау барлық мектеп жанындағы лагерьлерде болып өтті. «Жасқыранның» ең жас мүшелерінің саны-2330 баланы құрады. Жасқырандар қатарына өткен балалардың мойнына салтанатты түрде галстук байлау рәсімі қалалық балалар мәслихаты депутаттары, «Жас ұланның» белсенділері мен оқу үздіктеріне жүктелді.
Дата: 17.07.2012, 12:04 Автор: Школы и сады г. Балхаш