"Балқаш-жоғары мәдениеттің қаласы" қалалық акциясы
Ұлы Жеңістің 67 – жылдық тойы қарсаңында Балалар маслихаты депутаттары мен «Мұрагер» жастар ұйымы мүшелері 2012 жылдың сәуір айының 21 жұлдызы мен 5 мамыр аралығында батыр жерлестеріміздің құрметіне арнайы орнатылған ескерткіштер маңында және батыр жерлестеріміздің есімдерімен аталатын көшелерде «Бабалар ерлігі - ұрпаққа үлгі» сенбілік акциясын бастады. Акцияның мақсаты батыр жерлестеріміздің даңқы мен ерлігін насихаттай отырып, қаламыздың көркейюіне елжандылық сезіммен бірге қадам басу болды.
2012 жылдың 5 мамыры күні «Т-34» танк ескерткіші жанында «Балқаш жоғары мәдениеттің қаласы» атты қалалық сенбілік акциясының ашылу салтанаты болып өтті.
Акцияға барлық қала мектептерінің және мектеп-интернаттарының
жоғары сынып оқушылары қатысты.
«Мұрагер» жастар ұйымының жетекшісі Иешова А.Е. акция қатысушыларын құттықтап, іске сәт тіледі
«Мұрагер» жастар ұйымы президенті Қабетов Азаматтың
жоғарғы сынып оқушыларына үндеуі
Барлық мектептер жолдау-тапсырмалар алды
«Балқаштық ерлер рухына- мәңгілік тағзым» монументі
Қалалық гимназия, №7 мектеп-гимназиясы, № 5 орта мектеп, № 10 орта мектеп, № 4 орта мектеп, № 1 орта мектеп еңбек отрядтары.
«Танк «Т –34» ескерткіші
№ 9 орта мектеп, № 15 орта мектептің еңбек отрядтары.
Авиаторлар обелискі
№18 орта мектеп, №17 орта мектеп, №16 орта мектеп еңбек отрядтары.
Қаланың алғашқы құрылысшыларына ескерткіш маңында
№8 орта мектептің және №2 лицейдің еңбек отрядтары.
Михаил Петрович Русаков атындағы ескерткіш
№ 2 мектеп-интернатының еңбек отряды.
Қаламыздың ескерткіштерін сақтайық!!!
Дата: 10.05.2012, 6:39 Автор: Школы и сады г. Балхаш