Құрметті ата-аналар!
smartnation.kz, balabaqsha.snation.kz электронды порталының тапсырыс берушілерімен жасалған келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты 2020 жылдың 29 желтоқсанынан бастап портал жұмысы тоқтатылды.
Жүйе мәліметтерін беру бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою мен мектепке дейінге мекемеге қабылдау қызметі INDIGO24.kz сайты арқылы атқарылады.
2021 жылдың 6 қаңтарынан бастап, бос орындарды жариялай отырып, жүйенің толық іске қосылуы жоспарлануда. balabaqsha.snation.kz порталы арқылы жолдама алған ата-аналар, алынған жолдамаларға сәйкес еш кедергісіз бала бақшаға орналаса алады.
Кезек пен жеңілдіктер толық сақталады. Сұрақ туындаған жағдайда «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ 4-41-04, 4-76-28 телефондарына немесе call-centr 87007238060 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз