Онлайн режимінде ата-аналар жиналысы өтті.
Мектепте білім алушылардың бірінші оқу тоқсаны аяқталды. Ағымдағы жылдың 13-14 қарашасында қаламектептерінде, I тоқсанның аяқталуы, оқу нәтижелері мен қорытындылары , II тоқсанның басталуына байланысты дайындық жұмыстарының нәтижелері, кезекші сыныптардың сабақ кестесі, туралы барлық параллель сыныптарда онлайн режимінде ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналарға мектептің 2-ші оқу тоқсанына дайындығы, 5-сынып оқушыларының жұмыс істеуі, білім беру платформаларының жұмысы және т.б. туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, күз, қыс айларындағы балалардың қауіпсіздік ережелері туралы жаднамалар мен ақпараттар айтылды.
Ата-аналарға балалармен су объектілеріндегі мінез-құлық ережелері, пешпен жылытылатын үйлердегі жүріс-тұрыс ережелері туралы әңгімелер жүргізу туралы ұсыныстар берілді. Ата-аналар сынып жетекшісіне өз сұрақтарын қойып, толық сауатты жауап ала алды. Қауіпсіздік мәселесі бойынша әлеуметтік роликтер, жадынамалар мен ақпараттық парақтар ата-аналардың чаттарына жіберілді.