Размер шрифта:

Онлайн режимінде ата-аналар жиналысы өтті.

Онлайн режимінде ата-аналар жиналысы  өтті.

Мектепте  білім алушылардың  бірінші оқу тоқсаны аяқталды. Ағымдағы жылдың 13-14 қарашасында  қаламектептерінде, I  тоқсанның  аяқталуы, оқу  нәтижелері мен қорытындылары , II  тоқсанның  басталуына байланысты дайындық жұмыстарының  нәтижелері,   кезекші сыныптардың  сабақ кестесі,  туралы барлық  параллель  сыныптарда онлайн режимінде ата-аналар жиналысы  өтті.
    Ата-аналарға мектептің 2-ші оқу тоқсанына дайындығы, 5-сынып оқушыларының   жұмыс істеуі, білім беру платформаларының жұмысы және т.б. туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар,  күз, қыс айларындағы  балалардың қауіпсіздік  ережелері  туралы жаднамалар  мен ақпараттар айтылды.
    Ата-аналарға балалармен су объектілеріндегі мінез-құлық ережелері, пешпен жылытылатын үйлердегі жүріс-тұрыс ережелері туралы әңгімелер жүргізу туралы ұсыныстар берілді. Ата-аналар сынып жетекшісіне өз сұрақтарын қойып, толық сауатты жауап ала алды. Қауіпсіздік мәселесі бойынша әлеуметтік роликтер, жадынамалар мен ақпараттық парақтар ата-аналардың чаттарына жіберілді.

Дата: 16.11.2020, 17:03 Автор: Школы и сады г. Балхаш