«Ұстаз бен шәкірт» қалалық дебат турнирі

«Ұстаз бен шәкірт» қалалық дебат турнирі

2020 жылдың 27 қазан күні Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Сарыарқа саңлағы» облыстық жастар жобасын іске асырудың ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ аясында қала мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен қашықтан (онлайн) түрде қалалық пікір-сайыс турнирі өткізілді. Турнир ZOOM (Cloud Meetings) платформасында  Карл Поппер форматы бойынша өтті.  Жобаның мақсаты – Қарағанды облысының жастары арасында азаматтық көзқарас және қазақстандық патриотизм қалыптастыру, рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған пікірталас алаңдары, дебаттық турнирлерді жүйелі түрде өткізу арқылы Абай Құнанбаев, Әл-Фараби, тағы басқа ұлы ойшылдардың, қазақ халқының қоғам қайраткерлерінің мәдени мұраларын сақтау және арттыра түсу. Турнирге барлығы  12 команда: №1 орта мектеп «Космос», №4 орта мектеп «Жігер», №5 орта мектеп «Барыс», №7 мектеп-гимназиясы «Пиноккио», №8 орта мектеп «Өркен», №9 орта мектеп «Ұшқын», №15 мектеп-лицейі «TED», №16 орта мектеп «Ақиқат», №17 мектеп-лицейі «FLEX», №24 орта мектеп «Фемида», №25 орта мектеп «Болашақ», №2 мектеп-интернаты «Ділмар» командалары қатысты.Турнирдің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
Қазақ лигасы:

I орын- «Ұшқын» командасы (№9 орта мектеп)

ІІ орын- «Ақиқат» командасы (№16 орта мектеп)

ІІІ орын- «Өркен» командасы (№8 орта мектеп)

                «Сәкен жастары» (№7 мектеп-гимназиясы)

«Жыл жаңалығы» номинациясы- «Барыс» командасы (№5 орта мектеп)

«Үздік талпыныс» номинациясы- «TED» командасы (№15 мектеп-лицейі)

«Ең үздік спикер» - Жанбырбай Нұрдаулет (№8 орта мектеп)

 «Үздік спикер»- Тлеубай Аружан (№25 орта мектеп)

Орыс лигасы:

I орын- «Жігер» командасы (№4 орта мектеп)

ІІ орын- «FLEX» командасы (№17 мектеп-лицейі)

ІІІ орын- «Космос» командасы (№1 орта мектеп)

«Үздік спикер»- Огай Данил  (№4 орта мектеп) марапатталды.

 

 

Дата: 27.10.2020, 16:14 Автор: Білім бөлімі