«Ұстаз бен шәкірт» қалалық дебат турнирі
2020 жылдың 27 қазан күні Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Сарыарқа саңлағы» облыстық жастар жобасын іске асырудың ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ аясында қала мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен қашықтан (онлайн) түрде қалалық пікір-сайыс турнирі өткізілді. Турнир ZOOM (Cloud Meetings) платформасында Карл Поппер форматы бойынша өтті. Жобаның мақсаты – Қарағанды облысының жастары арасында азаматтық көзқарас және қазақстандық патриотизм қалыптастыру, рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған пікірталас алаңдары, дебаттық турнирлерді жүйелі түрде өткізу арқылы Абай Құнанбаев, Әл-Фараби, тағы басқа ұлы ойшылдардың, қазақ халқының қоғам қайраткерлерінің мәдени мұраларын сақтау және арттыра түсу. Турнирге барлығы 12 команда: №1 орта мектеп «Космос», №4 орта мектеп «Жігер», №5 орта мектеп «Барыс», №7 мектеп-гимназиясы «Пиноккио», №8 орта мектеп «Өркен», №9 орта мектеп «Ұшқын», №15 мектеп-лицейі «TED», №16 орта мектеп «Ақиқат», №17 мектеп-лицейі «FLEX», №24 орта мектеп «Фемида», №25 орта мектеп «Болашақ», №2 мектеп-интернаты «Ділмар» командалары қатысты.Турнирдің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
Қазақ лигасы:
I орын- «Ұшқын» командасы (№9 орта мектеп)
ІІ орын- «Ақиқат» командасы (№16 орта мектеп)
ІІІ орын- «Өркен» командасы (№8 орта мектеп)
«Сәкен жастары» (№7 мектеп-гимназиясы)
«Жыл жаңалығы» номинациясы- «Барыс» командасы (№5 орта мектеп)
«Үздік талпыныс» номинациясы- «TED» командасы (№15 мектеп-лицейі)
«Ең үздік спикер» - Жанбырбай Нұрдаулет (№8 орта мектеп)
«Үздік спикер»- Тлеубай Аружан (№25 орта мектеп)
Орыс лигасы:
I орын- «Жігер» командасы (№4 орта мектеп)
ІІ орын- «FLEX» командасы (№17 мектеп-лицейі)
ІІІ орын- «Космос» командасы (№1 орта мектеп)
«Үздік спикер»- Огай Данил (№4 орта мектеп) марапатталды.