Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!!!

Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!!!

Құрметті ұстаздар!

Сіздерді қоңыр күзбен қатар келетін тамаша кәсіби  мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше, себебі ұстаздың жас ұрпақ санасына сыналай енгізетін тәлім–тәрбие, үлгі-өнегесі өлшеусіз.

Сіздердің әрқайсыңыз өз еңбектеріңізбен жастардың болашағын айқындайсыздар, елдің ертеңінің іргетасын қалап, бәсекелестік қабілетіне ықпал етесіздер.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық, технологиялық мәдениеттің дәуірі. Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады.

Әлемдік пандемия кезеңінде қашықтықтан оқытуды меңгеріп, өз міндеттеріңізді бұл бағытта да асқан жауапкершілікпен атқарып келесіздер.

Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтың нәрін сеуіп, тәуелсіздігі мен бірлігі мызғымайтын еліміздің айтулы азаматтарын қалыптастырудасыздар.

Сіздерге өскелең өрендер тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңыз және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін.

Ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе түссін! Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. 

Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!

Дата: 2.10.2020, 9:33 Автор: Школы и сады г. Балхаш