«Мен өз қаламды жақсы көремін» қалалық акциясы
«Мен өз қаламды жақсы көремін» қалалық акцияның 2 кезеңі аясында ағымдағы жылдың 14-28 қыркүйек күндері көркем еңбек мұғалімдері қалалық орталық саябақта қураған ағаштардан мүсіндер жасады. 15-тен астам фигуралар биылғы жылы қалпына келтіріліп, абаттандырылып жатқан саябақтың аллеяларын безендірді. Қала педагогтары да абаттандыруға өз үлестерін қосты.
26 қыркүйек – Еңбек күніне арналған акцияның барлық қатысушылары Білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қалалық комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Дата: 28.09.2020, 11:37 Автор: Школы и сады г. Балхаш