«Жастар - Қазақстанның болшағы» бағдарламасы жүзеге асыру мақсатында «Болашақ біздің қолымызда!!!» атты қалалық бейнероликтер сайысының ақпары

«Жастар  - Қазақстанның болшағы» бағдарламасы жүзеге асыру мақсатында «Болашақ біздің қолымызда!!!»  атты қалалық бейнероликтер сайысының ақпары

Бүгін, яғни 01 қараша күні «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-де қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар  - Қазақстанның болшағы» бағдарламасын жүзеге асыру және  жалпы білім беретін мектептердің белсенді және дарынды оқушыларын анықтау және олардың ғылыми – ізденіс және жаңашыл іс-әрекеттерін қолдау көрсету мақсатында «Болашақ біздің қолымызда!!!»  атты қалалық бейнероликтер сайысы өтті.

Сайыста оқушылардың қазіргі деңгейдегі бейнені өңдеу бағдарламаларын пайдаланып видео өңдеуде тәжірибелік дағдыларының қалыптасқаны, видеоролик жасауда көп ізденіс жұмыстары болғанын олардың роликтеріне байқауға болды. Сайысқа барлығы қала мектептерінің 8-10 сыныптар аралығынан 13 оқушы қатысып, І орынмен Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп оқушысы Тыныбаев Расул марапатталды. ІІ орын иегерлері №2 интернат оқушылары Иманбаев Дарын және Кәрібай Ерсұлтан болса,  ІІІ орынмен №2 лицей оқушысы Жұмабек Әділ, №5 орта мектептің оқушысы Тлеуғабыл Айнара және №7 мектеп-гимназиясынан Кранов Бахтияр марапатталды. Қалған қатысушыларға қатысқандары үшін қатысушы сертификаттары берілді .

Сайыс соңында жетекшілер мен оқушылардан мектеп жағдайында видеороликтер жасаудағы қиындықтар айтылды.  Мектептерде видео жасайтын орталықтар немесе қала мектептеріне арналған бір –екі орталық  ашылып, оған керекті жабдықтар алынып, оқушылар өздерінің жасаған видероликтерін  сол орталықтарда өңдесе деген ұсыныстар болды.

Сонымен қатар осы сайыста  №2 мектеп – интернатының оқушысы   Иманбаев Дарын мен №15 мектеп – лицей оқушысы Тыныбаев Расулдың  жеке блоктары және ол блоктарда олардың  жеке өздерінің жасаған видеороликтері бар екені анықталып,  оларға ерекше  ұсыныстар  мен тілектер айтылды.

Алдағы уақытта осындай іс-шаралар өз жалғасын табады деген ойдамын.

Дата: 1.11.2019, 15:24 Автор: Школы и сады г. Балхаш