«Білім және ғылым» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі аясында

«Білім және ғылым» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің  тамыз педагогикалық кеңесі аясында

«Білім және ғылым» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің  тамыз педагогикалық кеңесі аясында 2019 жылдың 26 тамызы күні Балқаш қаласы білім бөлімі, әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес информатика пәні мұғалімдерінің қалалық секциялық  отырысыөтті.

Секция жұмысына 40-тан астам информатика пәні мұғалімдері мен директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Отырыста қаладағы білім беруді цифрландырудың жағдайы мен болашағы қарастырылды.

Секция отырысының шеңберінде психологиялық тренингтер жүргізіліп, информатика пәні мұғалімдері өз жұмыс тәжірибелерімен келесі тақырыптар бойынша тәжірибе алмасты: «Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау тапсырмалары»тақырыбында  №4 ЖББОМ информатика пәні мұғалімі Сакенов М.С  шебер сыныбын өткізсе, «3 сыныптарда АКТ пәнін оқытудағы ерекшеліктер»тақырыбында  №5 ЖББОМ информатика пәні мұғалімі Мұқаметжан Т әртүрлі тапсырмалар жиынын ұсынды, «Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық ресурстар» тақырыбында №15 мектеп – лицейінің информатика пәні мұғалімі Айтимбетова Э.К қазіргі деңгейдегі ақпараттық ресурстармен жұмыс жасау тәжірибесін көрсетсе, «Роботехника болашақтың бағдары» тақырыбында №16 ЖББОМ информатика пәні мұғалімі Надирбеков А.Б қала бойынша оқушыларды жоғары деңгейдегі сайыстарға дайындау жолдарымен бөліссе , «Директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасарларының  лауазымдық міндеттеріне сәйкес құжаттары» жобасын №2 мектеп – интернатының  директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары Рахимберлина Н.С  ұсынды.

Секция қорытындысы бойынша өзекті тақырыптар талданып, пікір алмасу әрекеттері жүзеге асты.

Жаңа 2019-2020 оқу жылына ұсыныстар қабылданды.

Дата: 27.08.2019, 11:46 Автор: Школы и сады г. Балхаш