"Үздік авторлық бағдарлама" байқауы

2019 жылдың 8 мамыры күні "Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ-сі әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері арасында бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу пәндері мен таңдау курстары бойынша авторлық бағдарламалар жасайтын, озық авторлық іс-тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында "Үздік авторлық бағдарлама" байқауы болып өтті. КОНКУРСТЫҢ МІНДЕТІ
 Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашыл әлеуетін қолдау;
 Үздік жұмысты анықтау;
 Өз әзірлемелерін тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін пайдалану;
 Үздік педагогикалық іс-тәжірибені тарату;
 Шығармашылық қызмет нәтижелерімен, педагогикалық идеялармен, жобалармен бӛлісу;
қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Конкурс келесі бағыттарда жүргізіледі:
1. Гуманитарлық (қазақ, орыс тілдері, әдебиеттік оқу);
2. Математикалық;
3. Жаратылыстану ғылымдары (дүниетану, жаратылыстану).
Қала бойынша барлығы 22 жұмыстан сұраныс түсті. Байқауда мұғалімдер өздерінің жасаған бағдарламаларын қорғап, әділ-қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді. Қорытындысында 2019 жылдың 31 мамыры күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтетін байқауға "Таратуға лайықты бағдарлама", "Идея, достойная распространения" номинацияларымен марапатталған 13 үздік жұмыс жіберілді. Мұғалімдерге облыстық байқауда жетістік тілейміз.

Дата: 5.06.2019, 12:42 Автор: Школы и сады г. Балхаш