23.11.17. №5 орта мектебінде НЗМ тәжірибесін іске асыру мақсатында, «НЗМ: Тәжірибе. Жаңашылдық. Мәселе» тақырыбында,қалалық семинар өтті.

23.11.17.  №5 орта мектебінде НЗМ тәжірибесін іске асыру мақсатында, «НЗМ: Тәжірибе. Жаңашылдық. Мәселе» тақырыбында,қалалық семинар өтті.

Мақсаты: 

 -НЗМ тәжірибесін жүзеге асыру, мұғалімдердің  кәсіби дамуына қолдау көрсету, әріптестер арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен жұмысты ұйымдастыру.

 Міндеттері:

-         Озық тәжірибелерді тарату;

-         Магниттік  мектептермен әдістемелік байланыс орнату;

-         Әлеуметтік жобаларды іске асыру;

Қалалық  оқыту семинарына білім бөлімінің әдіскерлері, Мухаметжанова Ж.С. Мейрбекова Г.С. ,тірек мектеп координаторы: Садвакасова А.Т., директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп координаторлары, пән мұғалімдері шақырылды. Семинар үш бөлімнен өтті. Алғашқы сөзді «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі-білім сапасының кепілі»  тақырыбында, мектеп координаторы Имангалиева Ж.М. сөз алды,  семинарға қатысушыларға сәттілік тілей отырып,  өткен оқу жылындағы  НЗМ тәжірибесі бойынша атқарылған іс-шараларға қысқаша тоқталып, жұмыстың өту тәртібімен таныстырды.

«Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» жаратылыстану-математика және тілдер бағыты бойынша, жаңартылған білім мазмұны бойынша ашық сабақтар өтті. Мысалы:  «Ауа.Ауа құрамы», 7 А сыныбында  химия пәнінен Торебекова С.С., «Көркемдік кестемен бұйымды безендіру», 5 а сыныбында, көркем еңбек пәнінен, Есенгелді Ж , А.Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек», 4 Ә сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен  Бекбенбетова Г.Қ.. Өткізген ашық сабақтардың жоспарларының құрылымы талаптарға сай, сабақта кері байланыс жасау, жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасуда  оқушы белсенділігі көрінді.

 Үшінші бөлімде жаңартылған білім мазмұнындағы  оқыту  семинарларын модераторлар:  Абитаева Н. М., «Новые подходы в обучении  в рамках обновления содержания среднего образования»  Имангалиева Ж.М ,«Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асырудағы жаңаша әдіс–тәсілдердің тиімділігі» , Асылбекова  А.Т. Ғазиз Т.М.    «Сабақтағы кері байланыс мұғалімдер үшін қандай мүмкіндік береді?»  тақырыптарында  өткізді, Қатысушы әріптестер оқыту семинарларынан өз ойларын ортаға салып, іс тәжірибелерімен алмасты. Жаңартылған білім мазмұны бойынша кездескен қиындықтардан шығуға, оларды шеше білуге  бағыт- бағдар берді. Қатысушылар  5-7 сынып оқулықтарындағы  жаңа әдіс –тәсілдерді жүзеге асыру жолдарын айқындап,  рефлексия  мен кері байланыстың айырмашылығын, жасалу жолдарын үйренді.

Үшінші бөлімде, «Шаңырақ» топтары аясында, «Туған жерге  тағзым» өлкетанулық -зерттеу  жобасының  жұмысы көрсетілді.

 «Туған жерге тағзым» жобасының  мақсаты - қоғамдық маңызды құндылықтарды қалыптастыру, белсенділікті жетілдіру, кішілерге үлкендердің қамқорлығы, көшбасшылық қасиет, әлеуметтік жобалар мен тәжірибені бірлесіп орындау, сындарлы бәсекелестікті үйрену, жасаралық құрмет пен қарым-қатынас, бір-біріне көмек пен қайырымдылық, оқушыларды қоғамға пайдалы еңбекке тарту.

Міндеттері:

- «Туған жерге тағзым» оқушылар қауымдастығының міндеттері:

-Оқушыларды салауатты  бәсекелестікке  баулу;

-Кішілерге үлкен топтардың басшылық етуі арқылы жоғары сынып оқушыларының бойында көшбасшылық қасиетін дамыту;

  -Бірлескен, біріккен, ұйымшыл командалар құру, бірігіп бос  уақыт тиімді өткізуді ұйымдастыру.

 Жобаға 1-10 сынып оқушыларынан құралған шағын топтар қатысты.  Жоба мазмұны, міндеттері айтылып, жеті бағыты бойынша, шағын топтардың жасаған жұмыстарын  ұсынды, болашаққа жоспары туралы айтылды. Әр топ өз тақырыптары бойынша  жинаған деректері. альбомдар, буклеттер, суреттер, дискілер, мадақтамаларынан көрме жасады. Жобаға жауапты тәрбие ісінің орынбасары  Шакижанова А.Қ., тарих пәнінің  мұғалімі Мақыш Т.Т.

Семинар соңынан  әріптестермен  кері байланыс жасалып,  ұсыныс, тілектерін білдірді. Қатысқан  қонақтардың тарапынан жылы лебіздер айтылды.

Дата: 24.11.2017, 9:49 Автор: Школы и сады г. Балхаш