Размер шрифта:

Жаңалықтар

Сюжетті-рөлді ойын "Дәргер"

Дәреже: Новости д\с
Дата: 2022-04-26 08:58:05
Сюжетті-рөлді ойын
"Дәрігер" сюжеттік - рөлдік ойыны. Мақсаты: ойын барысында балалардың есту және көру қабілетін, есте сақтау қабілетін, қиялын, сөйлеудің интонациялық экспрессивтілігін дамыту. Құрдастарымен рөлдік қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамыту (рөлдік диалог құру, ойында бір-бірімен келіссөздер жүргізу мүмкіндігін тудыру).
Автор: Ертөстік

Спортшы бауырсақ

Дәреже: Для вас, родители!
Дата: 2022-04-26 08:51:01
Спортшы бауырсақ
Мақсаты:Балаларды қиялдағы жағдайға кіруге, жаңа сюжеттік желіні, қимылдардың жаңа түрлерін іздеуді үйрету. Қимыл - қозғалыс жағдайларда тұспалдаудың жылдамдығына мен жеңілдігіне үйрету. Келбетін, тепе - тендігін сақтау дағдыларын жетілдіру.
Автор: Ертөстік

Алғашқы бәйшешектер

Дәреже: Новости д\с
Дата: 2022-04-05 10:20:17
Алғашқы бәйшешектер
Бүгін "Ер Төстік" бөбекайында балабақша күніне орай "Алғашқы бәйшешектер" тақырыбында ашық ҰОҚ өтті. Оқу қызметінде балалар алғашқы көктемгі гүлдермен танысты.Сабақ өте мазмұнды, көңілді өтті. Балалар ән айтып , би билеп, "Күн мен жаңбыр"ойынын ойнады.
Автор: Ертөстік

Қызықты серуен

Дәреже: Для вас, родители!
Дата: 2022-04-05 10:11:46
Қызықты серуен
"Қошақан" ортаңғы тобында көңілді серуен жүргізілді. Балалар педагогпен бірге қарағайды бақылап ,еңбек құралдарымен ауланы жинады. Серуен барысында Фиксики персонажы Нолик келіп ,балалармен бірге еңбек етті. Өз жұмыстарының нәтижесін көрген балалар мәз болды .Серуен соңында балалар Ноликпен бірге қызықты ойын ойнады. 
Автор: Ертөстік

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні.

Дәреже: Для вас, родители!
Дата: 2022-03-04 12:01:55
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні.
Бір отбасы емес,бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын,адамзат баласының ары,рухы,жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің жарқын болашаққа деген сенімнің,ізгілікпен мейірімділіктің ұйтқысы өздеріңіссіздер АНАЛАР!!! Осы орайда сіздерді  "Еркетай" тобының атынан мерекелеріңізбен құттықтаймыз! 
Автор: Ертөстік

"Денсаулық шуақтары''

Дәреже: Новости д\с
Дата: 2022-02-22 09:26:13
"Алақан" тобында  "Денсаулық шуақтары'' атты ҰОҚ өтті. Оқу қызметінде балалардың денсаулық, тазалық туралы түсініктері кеңейді. Сонымен қатар еске сақтау қабілеттерін, зейінін, тіл байлығын, сөздерді байланыстыра сөйлеуін дамытттық.
Автор: Ертөстік

Дене шынықтыру.

Дәреже: Новости д\с
Дата: 2022-02-22 09:17:49
Дене шынықтыру.
Қозғалыс үйлесімділігін және икемділікті дамыту мақсатында “Біз мықтымыз және ептіміз” атты  дене шынықтыру ҰОҚ үзінді...
Автор: Ертөстік

"Ғажайып тұз" атты эксперименттік оқу қызметі өтті.

Дәреже: Новости д\с
Дата: 2022-02-22 09:02:16
"Еркетай" ересек тобында "Ғажайып тұз" атты эксперименттік оқу қызметі өтті. Балалар тұздың қасиеттерімен танысып, тәжірибе жүргізді. ҰОҚ негізгі мақсаты тәрбиеленушілердің ойлау, талқылау, дәлелдеу дағдыларын дамыту.
Автор: Ертөстік

"Күншуақ" тобында өткен ҰОҚ. Тақырыбы:"Түлкі мен тырна ".

Дәреже: Новости д\с
Дата: 2022-02-22 08:55:06
"Күншуақ" тобында  өткен ҰОҚ. Тақырыбы:"Түлкі мен тырна " Мақсаты :Балаларға ертегіні  кейіпкерлерін танытуды жалғастыру, сөздік қорларын дамыту,адамгершілікке , достыққа тәрбиелеу.
Автор: Ертөстік

Мұғалім-дефектологтың жеке сабағы.

Дәреже: Новости д\с
Дата: 2022-02-22 08:49:16
Мұғалім-дефектологтың жеке сабағы.
Тақырыбы: " Қабылдау қабілеттерін дамыту. Акватерапия". Мақсаты: Баланың ұсақ моторикасын дамыту. Көріп қабылдауын,  естіп қабылдауын, сипап-сезу қабылдауларын дамыту.  Көріп есте сақтауын,  кеңістікте бағдарлауын қалыптастыру.
Автор: Ертөстік

"Математикалық сауаттылық" апталығы

Дәреже: Для вас, родители!
Дата: 2022-02-10 14:14:56
"Қошақан" тобында  мүсіндеуден өткізілген ҰОҚ .
Автор: Ертөстік

"Математикалық сауаттылық" апталығы

Дәреже: Для вас, родители!
Дата: 2022-02-10 14:09:45
"Балапан" тобында өткізілген ҰОҚ.
Автор: Ертөстік

бiрiншiсi 1 3 4 5 6 7 20 соңғысы