Қамқоршылық кеңесінің ХАТТАМАСЫ

Қамқоршылық кеңесінің

ХАТТАМАСЫ

       Балқаш қаласы                                                          «11» желтоқсан  2019 жыл

Төрағасы: К.Д. Дарибек -білім беру саласының  ардагері

Хатшы:«Ә.Төретай – әлеуметтік педагог

Қатысқандар: 6 адам.

Топ мүшелері– К.Дарибек, Р.С. Алғамжанов,А.Ш.Сыздыкова, А.А.Сартаев,  Б.Мухамедиев , З.М. Смагулова, С.Д.Тусупбеков, Г.Т. Муслымова, Разиев Е.М,

Қатыспағандар:0

 

Күн тәртібінде:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы»  N 64 Қаулысы негізіде  білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы.
  2. Лицей  директорының жылдық жұмысының талдауын   тыңдау,  талқылау.

 

Тыңдалды әлеуметтік педагог Ә.Төретай: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы»  N 64 Қаулысыталаптарына сай  директор атынан қыстық киім-кешекалу үшін 50 оқушының ата-аналарынан лицей директорының атына  көмек сұрап өтініш түсті.  4-еуі ата-ана қамқорлығынсыз қалған, 46-сы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққын білім алушылар.Қажетті құжаттар жиналып өткізді.15 күн ішінде лицейдің алқалы органдары  өтініштерді қарастырды.  Отбасыларының тұрмыстық жағдайларын анықтау мақсатында үйлері араланып, материалдық-тұрмыстық ахуалы зерделенді. Сынып жетекшілері ондай оқушылардың жағдайын жан-жақты зерттеп, тиісті акт жасады.

Шешім:

1. Аталған жұмыстардың нәтижесінде  оқушыларға жалпыға міндетті оқу қорынан  материалдық  көмекке ұсынылсын.

2. Бөлінген қаржының дұрыс ұйымдастырылуын және осы оқушылардың киіммен қамтылуын қадағалау әлеуметтік педагог  Ә.Р.Төретайға тапсырылсын.

 

 

Тыңдалды лицей директоры К.Т.Рахмиберлина:

 

Екінші мәселе бойынша лицей директорының жылдық жұмысының талдауы тыңдалды.

 

 

Төрағасы:

К.Д.Дарибекова ___________________

Мүшелері:

Р.С.Алғамжанов ___________________

Б.Мухамедиев  ___________________

З.М.Смагулова ___________________

С.Д.Тусупбеков ___________________

Г.Т.Муслымова __________________

Хатшы:_____________Ә.Р.Төретай