Мектеп директоры

 

 

 

 

 

 

 

Канатов Зайт Каменович 1970 жылғы 5 қазанда Қарағанды облысында дүниеге келген.

1992 жылы Жезқазған педагогикалық институтын «еңбек және жалпы техникалық пәндер мұғалімі, кәсіптік бағдар беру әдіскері» мамандығы бойынша бітірген. Жоғары білімді. 2003 жылы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында тағылымдамадан өтіп, тиісті сертификат алған.

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 32 жыл.

Еңбек жолын 1992 жылғы 15 тамызда У. Жәнібеков атындағы орта мектепте еңбек пәнінің мұғалімі болып бастап, 1995 жылдың тамызына дейін жұмыс істеген.

1995 жылдың тамызынан 1997 жылдың қаңтарына дейін Ақтоғай ауылындағы аудандық білім бөлімінде әдіскер қызметін атқарған.

1998 жылдың қыркүйегінен 1999 жылдың қыркүйегіне дейін Балқаш қаласындағы №7 орта мектепте еңбек пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

1999 жылдың қыркүйегінен 2001 жылдың желтоқсанына дейін Балқаш қаласындағы Абай атындағы №2 орта мектепте еңбек пәнінің мұғалімі қызметін атқарған.

2001 жылдың желтоқсанынан 2003 жылдың шілдесіне дейін «Қазақмыс корпорациясы» АҚ-да зергер-бекітуші болып жұмыс істеп, Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында тағылымдамадан өткен.

2003 жылдың тамызынан 2012 жылдың қыркүйегіне дейін Балқаш қаласының білім бөлімінде әдіскер қызметін атқарған.

2012 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың тамызына дейін №9 жалпы орта мектепте оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған.

2015 жылдың тамызынан 2025 жылдың қазанына дейін №9 жалпы орта мектепте ақпараттандыру жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеген.

2025 жылғы 15 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры қызметін атқарып келеді.

«Үшінші санатты басшы» біліктілік санатына ие, сондай-ақ «педагог-сарапшы» біліктілігі бар (19.08.2025 ж. №222 бұйрық).

Біліктілігін тұрақты түрде арттырып отырады. 2024 жылы басшыларға арналған «Білім берудегі менеджмент» (80 сағат) курсын аяқтаған. 2023–2025 жылдары педагогтарға арналған біліктілікті арттыру курстарынан өткен, оның ішінде дизайн және көркем модельдеу, сондай-ақ инклюзивті білім беру бағыттары бойынша (АҚ «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы).

2012 жылы Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен қазақ ақыны Қ. Аманжоловтың 100 жылдығын жоғары деңгейде өткізуге қосқан үлесі үшін марапатталған.
Қарағанды облысының білім басқармасының Алғыс хатымен білім беру жүйесін дамытудағы жемісті әрі шығармашылық еңбегі үшін марапатталған.
Балқаш қаласы білім бөлімінің грамоталарымен білім беру саласындағы шығармашылық еңбегі және оқушыларды терең білім мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін марапатталған.
2020 және 2024 жылдары Балқаш қаласының әкімінің Алғыс хаттарымен адал еңбегі үшін марапатталған.