Размер шрифта:

«Балқаш қ. КММ ЖББ №10» ата-ана болу ережесі

Құрметті ата-аналар, әжелер, және аталар!

Біздің мектебіміз өзінің істерін ҚР білім туралы Заңының, мектеп Жарғысының және лицензиясының негізінде жүзеге асырады.

Біздің мектебімізді таңдап, Сіз біздің командамыздың мүшесі боласыз және Сізге сенеміз:

- өзіңіздің балаңыздың жетістігіне үнемі қарауға, күнделігіне қолтаңба қоюға және балаға жақсы қасиетті үйретуге және мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға;  

       -үнемі балаңыздың мектепке кешікпей келуіне және сыртқы келбетіне  қарауға;

       -  үнемі балаңыздың оқу-құралдарының дұрыс болуына және үй тапсырмасын орындауына;

       - сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болуға;

       - ата-аналар жиналысына қатысуға, жеке кеңестерге, ашық іс-шараларға қатысуға;

-балаңыздың мектепте болмауының себебі туралы жазбаша өтінішпен сынып жетекшісіне хабарлауға;

       - мектептің және сыныптың іс-шараларын ұйымдастыруға  көмек көрсетуге;

       - мектептің қоғамдық басқару істеріне белсенді қатысуға;

Ескерту, оқушы сабақтан ата-анасы өзі келген жағдайда және олардың өтініші бойынша ғана босатылады. Біз Сіздермен кездесуге әрқашанда дайынбыз, есіңізде болсын, мектептегі Ережені  сақтау Сіздің балаңыздың мектепте болған уақытында қолайлы және қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етеді.

 

 

 «ЖББ № 10 орта мектеп» КММ-не ата-аналардың келуіне Ереже

 Осы ереженің мақсаты, мектептегі оқу үрдісін тұрақтандыру,  балалар өмірінің және денсаулығының қауіпсіздігін және санитарлық-эпидимиологиялық  нормаларды орындауды қамтамасыз ету.

1. Жалпы ережелер

.

1.1.  Сабақ уақытында ата-ананың мектепке келуіне тыйым салынады. Қажет болған жағдайда, мектепке ата-ананың немесе басқа тұлғаның келуі алдын-ала мектеп әкімшілігімен немесе мұғаліммен келісіледі.

1.2.  Мектеп қызметкерлерімен кездесуге қажет:

- вахтерге АӘТ, келу мақсаты, кездесетін тұлға туралы айтады;

- сабақ уақытында мұғаліммен және оқушымен кездесуге тыйым салынады.

1.3.  Ата-ананың тіркеусіз мектепке кіруіне, бірақ кезекші әкімшіліктің  келісімімен  төмендегі жағдайда мүмкін:

- ата-аналар жиналысына;

- ашық есік күніне;

- мерекелік іс-шараға.

1.4.  Мектептегі іс-шараларға келгенде екінші аяқ киімнің немесе бахиланың болуын сұраймыз. Сыртқы киімді шешу қажеттігіне  назар саламыз.

1.5. Шұғыл сұрақтарды кезекші әкімшілік шешеді.

3.  Мәдени орталық мекемелері өкілдерінің мектепке келу тәртібі:

- Келушілерді жазу Журналына тіркеу үшін жеке куәлігіңізді ұсыныңыз.

- вахтерге келуіңіздің мақсатын хабарлаңыз;

-  мектеп мұғалімімен кездесуге вахтердің көмегін сұраңыз.

4. Мектепке келуге тыйым салынады:

-  оқу-тәрбие үрдісіне қатынасы жоқ тұлғаға (сауда және жарнама өкілдеріне, діни ұйымдардың өкілдеріне және т.б.);

-  құжатын ұсынудан бас тартқан және келуінің мақсатын түсіндірмеген кез-келген келушіге.