халықаралық сұлулық күніне орай білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған "Сәнқойлар мен Сәнгерлер" қалалық байқауына "Балақай" бөбекжайы" КМҚК мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері Қасым Дидар Абзалұлы мен Мажикеева Фариза Маратқызы өнері
халықаралық сұлулық күніне орай білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған "Сәнқойлар мен Сәнгерлер" қалалық байқауына "Балақай" бөбекжайы" КМҚК мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері Қасым Дидар Абзалұлы мен Мажикеева Фариза Маратқызы өнерін ортаға салып, жүлделі І орынға ие болды.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
1кезең "Визит картасы": ертегі кейіпкерінің кейпінде өзін таныстыру болды. Бұл кезеңде Дидар мен Фариза "Маша мен Аю" мультфильмінің кейіпкерлері Маша мен Панданың бейнесінде шықты.
2 кезең "Сұрақ-жауап" кезеңі: бұл кезеңнен де қатысушыларымыз мүдірмей өтті.
3 кезеңде өз өнерлерін "Қуыршақтар биі" арқылы ұсынған болатын.
4кезең "Дефиле" бұл кезеңде Фариза Балқаш көлінің бейнесінде, ал Дидар саяхатшының бейнесінде шықты. Костюмнің негізгі концепциясы: "Туған жерді аялайық, көлімізді сақтап қалайық!"
Нәтижесі барлығымызды қуантты.
Фариза мен Дидардай ұлды тәрбиелеп, аталмыш іс-шараға барынша атсалысқан ата-аналарына алғыс білдіреміз! Жеңіс баршамызға ортақ!