2022 жылдың қазан айының 14-і күні қалалық білім бөлімінің жоспары бойынша «Балақай» бөбекжайында қалалық семинар өтті.
19-10-2022 11:09
2022 жылдың қазан айының 14-і күні қалалық білім бөлімінің жоспары бойынша «Балақай» бөбекжайында  қалалық семинар өтті.
2022 жылдың қазан айының 14-і күні қалалық білім бөлімінің жоспары бойынша «Балақай» бөбекжайында  қалалық семинар өтті.  Осы семинар аясында мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері мемлекеттік білім стандартына енгізілген өзгерістер бойынша іс-шаралар ұйымдастырды.
  Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында тәрбиешілер түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды.
  Тәрбиеші Мұхаметжанова Нұргүл Тұрсынқызы ұйымдастырылған математика негіздері сабағын модельдеп  музыкамен ұштастырды.
Тәрбиеші Көрпешова Мөлдір Қажымұратқызы өз тобының көркем әдебиеттен ұйымдастырылған іс-әрекетін қазақ тілі, модельдеу, дене шынықтыру пәндерімен ұштастырды.
  Тәрбиеші Мажитова Гүлім Мұратқызы ойын түрінде сыртқы әлеммен танысу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны жүргізіп, модельдеумен біріктірді.
  Семинар қонақтары ұйымдастырылған шараға оң баға берді.