ОТЗЫВ НА ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
02-09-2022 15:52
ОТЗЫВ НА ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК

Бүгінгі күнгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған екінші жолдауында  нақты қай салада еңбек өнімділігін арттыру керек екенін айқын айтылды. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды. Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейі 70 мың теңгеге дейін көтерілетінін, зейнетке шығу жасының межесі 2028 жылға дейін 61 жасқа бекітілетінін атап  айтты. Орта білімнің сапасы - табысты ұлт болу  маңызды. Әрбір баланың білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасауымыз керек. Осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқылатын мектеп мәселесін толық шешеміз деп айтылды. Жалпы бүгінгі жолдау дағдарыстан алып шығатын айқын басымдылықтарды нақты көрсетті. Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл-еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елімізді қорғаудың ең басты жолы-берекелі бірлікте болу. Бұдан басқа жол жоқ, деді. Мемлекет басшысының сөзін "Балақай"бөбекжай ұжымы   қолдаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріміз аман болсын!