"Әжемнің ертегісі"
25-02-2021 11:45

Қарағанды  облысы білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік  орталығының облыстық «Қазақ тілі – елімнің тілі!» апталығының төртінші күні  «Әжемнің ертегісі»  Қарағанды облысы білім басқармасының  Балқаш қаласы білім бөлімінің «Балақай»  бөбекжайында  өз жалғасын табуда. 

«Қазақ тілі – елімнің тілі!» апталығының жүргізушілері балаларды  «Жеті лақ»  ертегісін тамашалауға шақырды.

    «Балақай» бөбекжай тәрбиешілері барлық топтағы балаларға «Жеті  лақ» ертегісін тарту етті. Театрландырылған қойылым балалардың көңіл-күйін көтеріп қуаныш cыйлады.

Топтарда балалар тәрбиешілер дайындаған «Мақта қыз бен мысық», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай» т/б қазақ халық ертегілер  лэпбуктерін тамашалады.