Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының облыстық «Қазақ тілі – елімнің тілі!» апталығының үшінші күні «Балақай» бөбекжайында өз жалғасын табуда.
«Қазақ тілі – елімнің тілі!» апталығының жүргізушілері «Балақай» бөбекжайының тәрбиешісі Батырханова Ангелина Витальевна мектепалды даярлық тобының қазақ тілінде алып жүрген білімдерін көруге шақырды. Мектепалды даярлық тобында интерактивті «Сиқырлы қалам» арқылы «Менің Отаным – менің мақтанышым» атты сабақ өткізілді.
Мақсаты: Балаларды Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге , туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, Отанына деген патриоттық сезімін ояту. Ортаңғы топ балалары «Әжеде қонақта» болып өздері білетін қызықты санамақтарын айтып берді.
Ересектер тобы балалары «Әжеде қонақта» болып берілген сурет бойынша мақал-мәтелдер құрастырды.
Мектепалды даярлық тобы балалары жаңылтпаш айту өнерлерімен бөлісті.