Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының облыстық «Қазақ тілі – елімнің тілі!»» апталығының екінші күні «Ертегілер еріне саяхат» Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Балақай» бөбекжайында өз жалғасын табуда.
«Қазақ тілі – елімнің тілі!» апталығының жүргізушілері «Балақай» бөбекжайының
тәрбиешісі Батырханова Ангелина Витальевна және мектепалды даярлық тобының
тәрбиеленушісі Қайсар Рахымжан балаларды «Менің алғашқы кітаптарым» атты
кітаптар көрмесіне шақырды.
Мақсаты: Бүлдіршіндердің қазақ халық ертегілері кітапбына деген қызығушылығын
арттыру; кітапты күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында бүлдіршіндердің назарына 3Д, сөйлейтін кітаптар және де тағы да
басқа көркем суреттелген иллюстарциялы кітаптар ұсынылды.
Балалар қазақ халық ертегілер кітабын көріп ғана емес сонымен қатар мектепалды даярлық тобы балаларының сахналауын тамашалады.