"Басшымен бір сағат"
15-12-2020 13:56

2020 жылдың 11 желтоқсанында "Балақай" балабақшасының меңгерушісі Мухаметжанова Загира Калкаманқызы Zoom платформасында ата-аналарға арналған "Басшымен бір сағат" өткізді. Бұл кездесу "Сұрақ-жауап" форматында өтті. Балабақша меңгерушісі ата-аналарға карантин шараларын сақтау қажеттігін тағы да еске салды. Ата-аналар түрлі сұрақтар қойып, қажетті жауаптар алды.