Размер шрифта:
"Бірге оқимыз" облыстық жоба
13-10-2020 15:17

Сіздермен бүгін, Қашықтықтан оқыту форматында  «Таным» саласы бойынша «Математика негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметін әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыру тақырыбында өз іс-тәжірбиеммен бөлісемін.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы балалардың білім деңгейін көтеру.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

Балалармен тығыз байланысты бола отырып, жоғарғы деңгейіндегі қашықтықтан оқыту форматын жүзеге асыру.

Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар.

Оқытудың осы үш форматын негізге ала отырып, біздің «Балақай» балабақшасында  3 бала синхронды, 15 бала асинхронды оқытылуда

және ата-анамен кері байланысты жандандыру барысында Zoom, Instagram платформалары және кері байланыс ретінде Whats App мессенджері арқылы жүзеге асырудамыз.

Енді мен сіздермен осы Қашықтықтан оқыту форматында «Математика негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметін қандай  әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыратыныммен бөлісемін.

Осы оқу барысында мен мынандай  әдіс-тәсілдер түрлерін қолданамын.

  • -Монтессори технологиясын 
  • -ТРИЗ
  • -театр  түрлерін қолдану арқылы
  • -В.Воскобовичтің   ойын    технологиясы
  • -РОБОТЕХНИКА
  • -Саусақ ойыны арқылы

 

Мына видио роликке назар аударыңыздар!

Бұл видио роликте математика негіздерінің тақырыбы  «Анама көмектесемін 5-цифры» ұйымдастырылған оқу қызметіндебалалармен Воскобовичтің ойын технологиясын Және мүсіндеу сабағын, серіту сәтінде сөйлеуді дамыту сабақтарын байланыстыра отырып Саусақ ойыны қолданылуда. Қолдану барысында балалардың қол моторикасын дамытып,сабаққа деген қызығушылығын арттырып, 5-цифрын толық мегерттім.

Бағана айтып кеткендей бақшамызда 15 бала асинхронды оқытылуда,сол балалармен тақырыпты аша отырып Воскобовичтің ойын тәсілі арқылы балалар 5-цифрын  құрастырды. Бұл мезетте балалардың логикалық ойлау қабілеттері дамытылуда.

Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында « Жолаушыларды өз орындарына отырғыз» , «5-цифрына сәйкес келетін суретті тап.» атты дидактикалық ойындар ойнатылды. Дидактикалық ойынды балалар қызыға жарыса ойнайды. Мақсатым 5-цифын толық игеру.«5″ цифрын танып, ажыратып,ретін анықтай білуі .

Ал синхронды 3-бала кері байланыс жіберуде:

Өздеріңізге айтып өткендей синхронды форматында ата –аналармен тығыз байланыста болудамыз.

синхронды форматында балалар үй жағдайында өзіндік жұмыстармен яғни ТРИЗ технологиясын қолдану барысында өздерінің қабілеттерін көрсетуде. Бұл бейне суретте балалар мәни астығын қолдана отырып цифрларды жазып, жазылған цифрдың үстінең дәл сондай цифрларды салып келтіреді.

Ал мына бейне суретте Балалар сурет салу оқу қызметінде,  дәстүрден тыс сурет сала отырып 5-цифрын оңнан солға,солдан оңға қарай кері санап өтеді.

ТРИЗ технологиясын қолдана отырып,гиометриялық фигураларды жасап,ермексаздың көмегімен цифрларды мүсіндейді.

Кері байланыс кезінде балалардан үйде орындаған жұмыстарына өз-өздеріне баға беру сәті, балалар өздеріне баға беру арқылы сабаққа деген ында сезімдері оянады.

Осы оқу барысында қолданған әдіс-тәсілдер түрлеріне тоқтала кетсем М.Монтессори әдісіне тоқталатын болсам, жалпыМонтессори әдісінің мақсаты:  балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу,
өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыра отырып, балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

Монтессори ұстазының міндеті:

 

  1. балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу; негізгі түстерді айыра білуге үйрету;
  2. ұсақ моториканы дамыту;
  3. алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;
  4. зейінін тұрақтандыру;
  5. тәртіпке үйрету;

Монтессори әдістемесмен әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негіздеп құрастырдым. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағыммен ырғақта дамытамын. Балалардың табиғи қажеттіліктері мен үрдістерін ескере отырып қашықтықтан оқыту форматындада жұмысты жандандырудамын.

 Сондықтанда да, қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес.

М.Монтессори әдісі жұмыс барысын мына фотолардан байқауға болады.

Қазіргі таңда балабақшамызда М.Монтессори әдісі арналған жеке кабинетіміз жабдықталып жұмыс жүргізілуде.

Монтессори материалы сезімді дамытады, оған қоса математика әлеміне жетелейді. Бала мұнда математикалық ұғымдарды тез игереді.Сан және онға дейін
санау жүйесін тез игереді. Математикалық материалды пайдалану
жүйесін білген соң, түрлі қиын тапсырмаларын қиындықсыз орындайды.

ТРИЗ- технологиясының маңыздылығы: Балалардың тілін дамытудағы жаңа технологияны қолдану арқылы, ой-өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Триз-технологиясын мен ойын технологиясы арқылы жүзеге асырамын. Мысалы: мұрны таяқ. Қандай сан ? (1) Қай цифр жүйрік (3) Қай сан көтергіш кранға ұқсайды? (7). «Фигуралар несімен ұқсас және қандай айырмашылықтары бар?», «Не өзгергенін анықта?», «Фигураларды аяқта?», «Артық затты тап?», «Нүктелер жаттығуы» сияқты ойындары ТРИЗ ойындарын ойнау арқылы балаларды

 есте сақтау қабілеттерін арттырады.

Робототехника
Мақсаты: Робототехника құрал-жабдықтар көмегімен пайдалы дағдылар мен ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашылық ойлауды, сонымен қатар стандартты емес шешімдерді табу үшін ынталандыру және мотивациялық потенциалды жеке тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Балалардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық
    және шығармашылық қабілеттерін дамыту
  •  Балалардың сыни ойлау дағдыларын арттыру
  • Жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыру

«Балақай» балабақшамызда осы  Робототехникаға арналған кабинеті ашылып, заманауи талапқа сай жабдықталды.  Балаларымыз Робототехника кабинетінде жұмыс жасай отырып, геометриялық фигураларды құрастырады. Роботтарды құрастыра отырып бала бойына танымдық ойлау қабілеттерін сіңіріп,  оқу іс әрекетіне деген қызуғышылығы пайда болады.

Оны  іс-тәжірбие  барысында байқадық. Оған дәлел ретінде тәрбиеленушілерміз қалалық Робототехника конкурсына қатысып І, ІІ орындарға ие болды. 

В.Воскобовичтің ойын технологиясын қолдану барысында бала бойындабіз ой-өрісі дамыған, танымдық қызметімен нақтыланған, іскерлігі мен дағдысы қалыптасқан, дербес, жігерлі, қиялдауы мен фантазиялауы жоғары, шығармашыл тұлға қалыптастырамыз,  В.Воскобовичтің ойын технологиясы арқылы ынтымақтыққа, ұжымдыққа, коммуникативтікке тәрбиеленеді.В.Воскобовичтің ойын технологиясын ұйымдастырылған оқу қызметінде жиі қолданамын

 Қорыта айтсам, Математика негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде жоғарғыдағы негіз еткен әдіс-тәсілдерді қолдана отырып мен бала бойына 4 К моделін, «Бала үнін» жүзеге асыруға мүмкіндік аламын.