Размер шрифта:
"Наурыз мейрамы"
18-03-2019 15:16

Бүгін «Балақай» балабақшасы  «Наурыз мейрамы» қарсы алды. Балалармен балабақша айналасын Қыдыр Ата, Бай, Наурыз және Самрұқ құсы бастаған мерекелік шеру жүріп өтті.

 Балаларды  Ә.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің  музыка бөлімінің студенттері әдемі, үлкен киіз үй жанында мерекелік концертпен қарсы алды.  Балалар өлең айтып, ертегі кейіпкерлерінің соңынан би қимылдарын қайталап   билеп, күліп ойнады. Мереке іші қуанышқа,  көтеріңкі көңіл күйге толы болды.

Мереке соңында балалар Рухани Жаңғыру құсын  жасап, шар ұшырды.